Қытайдағы жер сілкінісінен кемінде 150-ге жуық азамат қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қытайдағы жер сілкінісінен кемінде 150-ге жуық азамат қаза тапты bicpicture.ru

Қытайда болған жер сілкінісі салдарынан кемінде 150 адам қаза тауып, жүздеген азамат зардап шеккен, - деп хабарлайды Тengrinews.kz РИА Новости басылымына сілтеме жасап, 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қытайда болған жер сілкінісі салдарынан кемінде 150 адам қаза тауып, жүздеген азамат зардап шеккен, - деп хабарлайды Тengrinews.kz РИА Новости басылымына сілтеме жасап, 

Бұған дейін БАҚ 26 азаматтың көз жұмғанын және 79 адамның жараланғанын хабарлаған болатын.

Магнитудасы 6,1 болатын жер сілкінісі жексенбі күні Қытайдың оңтүстік батысындағы Юньнань провинциясында тіркелген. Жер асты дүмпулері жергілікті уақыт бойынша 16,30-да орын алған. Зілзаланың ошағы Вэньпин елдімекенінен 11 шақырым, Чжаотун қаласынан 10 шақырым қашықтықта орналасқан. Жер асты дүмпулері 10 шақырым тереңдіктен байқалды. 

Осы оқиға салдарынан негізінен 265 мың тұрғыны бар Лудиан (Ludian) елдімекенінің тұрғындары зардап шеккен. Телефон байланыс үзіліп, бірқатар құрылыс нысандары қираған. Электр өткізетін желілер де бүлінген.  

Провинция билігі жергілікті тұрғындарға әлеуметтік көмек көрсетуді бастап кетті. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети