Қытайдағы жолаушылар ұшағы құлаған жерден алғашқы кадрлар пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қытайдағы жолаушылар ұшағы құлаған жерден алғашқы кадрлар пайда болды Видео кадры

"360" телеарнасы Қытайдың оңтүстігінде China Eastern компаниясының Boeing 737 жолаушылар ұшағының апатқа ұшыраған жерінен түсірілген кадрларды жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Куәгердің алыс қашықтықтан түсірген видеоларының бірінен әуе кемесі құлаған жерде пайда болған көк түтінді байқауға болады. Басқа кадрларда лайнердің сынықтары көрсетілген.

ҚХР ұлттық теледидарының хабарлауынша, ұшақ Гуанси-Чжуан автономиялық ауданында апатқа ұшыраған. Бортта 133 адам болған.

Қаза тапқандар мен жараланғандар туралы әзірге ақпарат жоқ, іздестіру-құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Оқиға орнында орман өрті басталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети