Қытайдағы су тасқынынан 15 адам қаза тауып, 120 мың адам эвакуацияланды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қытайдағы су тасқынынан 15 адам қаза тауып, 120 мың адам эвакуацияланды Фото ©REUTERS

Қытайдың Солтүстік Шаньси провинциясында қатты жауған нөсер жаңбыр мен су тасқынынан 15 адам қайтыс болып, үшеуі хабар-ошарсыз кетті және 120 мыңнан астам адам эвакуацияланғанын айтты провинцияның Төтенше жағдайлар басқармасының басшысы Ван Цижуй баспасөз мәслихатында, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

"Нөсер жаңбыр провинцияның 11 қаласы мен 76 уезінде 1 757 100 адамның апатқа ұшырауына әкелді, 15 адам қайтыс болды, үшеуі хабар-ошарсыз кетті, 120,1 мың адам шұғыл эвакуацияланды, 19,5 мыңнан астам ғимарат қирады, 18,2 мың адам ауыр жарақат алды, тікелей экономикалық залал 5,03 миллиард юаньға (шамамен 780 миллион доллар) бағаланды", - деді Ван Цижуй.

Биліктің хабарлауынша, 2-7 қазан аралығында провинцияда метеорологиялық бақылау тарихында болмаған су тасқыны болды, көптеген аудандарда нөсер жаңбыр бірнеше күн бойы тоқтаған жоқ.

Бұған дейін Қаржы министрлігі мен ҚХР Төтенше жағдайлар министрлігі Шаньси және Шэньси провинцияларындағы су тасқынымен күресуге және табиғи апаттардың салдарын жоюға 12,4 миллион доллардан астам қаражат бөлген болатын. Сонымен қатар, Қытайдың 14 ірі компаниясы су тасқынынан зардап шеккен Шаньси провинциясына жалпы сомасы 415 миллион юань (шамамен 64,4 миллион доллар) көмек жіберді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети