11 сәуір 2019 | 11:52

Қытайлық блогер қыз қызыл орамал таққаны үшін жазаланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Танымал қытайлық блогерді балық ұстау кезінде қызыл орамал тағып, видеоға түскені үшін жазалады, - деп хабарлайды Inkstonenews порталы. 


Иконка комментария блок соц сети

Танымал қытайлық блогерді балық ұстау кезінде қызыл орамал тағып, видеоға түскені үшін жазалады, - деп хабарлайды Inkstonenews порталы. 

Сычуан провинциясында тұратын Tang нигімен тіркелген қолданушы Kuaishou платформасында бейнеролик жариялаған. Полицейлер қыздың мойнына таққан орамалына назар аударды - бұл Young Pioneers (Пионерлер қозғалысы) коммунистік жастар ұйымына тиесілі. 

"Tang әрекеті - бұл патриот-азапталушылардың әруағын қорлау, олар халық үшін қозғалыс ұйымдастырды", - деді полиция өкілдері. Қызыл орамал үшін қыз бала 12 күнге қамауға алынды және ол мың юань (шамамен 55 мың теңге) айыппұл төлейтін болады.

Блогердің аккаунты платформадан өшірілді. 

Басылым қызыл орамалдың мәні туралы қытайлықтар ерте балалық шақта білетінін жазады. Ата-аналар балаларды осы нәрсеге құрметпен қарауға үйретеді, өйткені ол коммунизм азапталушыларының қанын бейнелейді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети