Қытайдың Dongfeng-41 құрлықаралық зымырандары Ресей шекарасы маңына тартылды деген хабар жорамал ғана. Қытайдың сыртқы істер министрлігі осындай мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды РИА Новости.
Қытайдың Dongfeng-41 құрлықаралық зымырандары Ресей шекарасы маңына тартылды деген хабар жорамал ғана. Қытайдың сыртқы істер министрлігі осындай мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды РИА Новости.
Сейсенбі күні қытайлық Global Times газеті аспан асты елінде жасалған, мың шақырымға дейін ұшатын DF-41 құрлықаралық балистикалық зымырандарының суреттері интернетте пайда болғаны туралы жазған. БАҚ мәліметі бойынша, бұл зымырандарыдың үш бригадасының бірі Ресеймен шектесетін елдің солтүстік-шығысындағы Хэйлунцзян аймағына көшірілген.
"Қазіргі кезде Ресей мен Қытай арасындағы стратегиялық серіктестік пен өзара ықпалдастық өте жағары деңгейде. Сонымен қатар, өзге салалар бойынша да екі ел арасындағы қарым-қатынастар нығайып келеді. Ал әскери күштерді бағыттау мәселесіне келсек - бұл ғаламторда тарап жатқан жорамал мен болжам ғана", - делінген ҚХР сыртқы саяси ведомствосының жазбаша берілген пікірінде.
РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков БАҚ бетінде пайда болған осы ақпаратқа байланысты Мәскеудің Қытайдың қаруын дамытуы қауіп ретінде қабылданбайтынын айтқан.