Қытайлық студенттер Apple корпорациясын сотқа берді

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қытайлық студенттер Apple корпорациясын сотқа берді Фото ©РИА Новости

Қытайлық студенттер iPhone 12 пакетінде зарядтағыштың жоқтығына байланысты Apple компаниясын сотқа берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі iMore агенттігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қытайлық студенттер iPhone 12 пакетінде зарядтағыштың жоқтығына байланысты Apple компаниясын сотқа берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі iMore агенттігіне сілтеме жасап.

Бейжің мен Шанхайдан келген бір топ студенттердің пікірінше, смартфон пакетінде зарядтағыштың болмауы тұтынушылардың заңды құқықтары мен мүдделерін бұзады.

Apple компаниясы iPhone 12-мен бірге жеткізілетін Lightning to USB-C кабелінің нарықтағы бірқатар зарядтағыштармен үйлеспейтінін көрсетті.

Apple компаниясы зарядтағыштарды қоршаған ортаға алаңдаушылық танытқаннан алып тастағандығы туралы ұстанымы сотта "дұрыс емес" деп танылды, себебі, "қоршаған ортаға алаңдаушылыққа" қарамастан, компания әлі де қуат көздерін шығарып бөлек сатады. Осылайша, қосымша табыс әкеледі.

Қытайлық студенттер Apple-ден зарядтағышты беруді, келісім-шартты бұзғаны үшін, сотта белгіленген төлемдерді жабуды талап етті.

Егер Apple бұл істен жеңілсе, компания бүкіл Қытайға зарядтағыш әкелуге мәжбүр болуы мүмкін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети