Қызы Уханнан шашы ағарып келген әкесін танымай қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызы Уханнан шашы ағарып келген әкесін танымай қалды Фото: Xinhua

Қытайдың Гуйчжоу провинциясында 3 жасар қызы әкесін танымай қалды. Әкесі Ван Бэньсюэ - медицина қызметкері. 2 ай Ухан қаласында іссапарда болған. Бұл туралы AsiaOne хабарлады, - деп жазады Lenta.ru.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қытайдың Гуйчжоу провинциясында 3 жасар қызы әкесін танымай қалды. Әкесі Ван Бэньсюэ - медицина қызметкері. 2 ай Ухан қаласында іссапарда болған. Бұл туралы AsiaOne хабарлады, - деп жазады Lenta.ru.

Бэньсюэ ақпан айында жаңа коронавирус инфекциясымен күресу үшін Ухан қаласына кеткен. Ол 21 науқасқа қараған. Екі айда 39 жастағы мейіргердің шашы ағарып кеткен.

Гуйчжоуға келгеннен кейін Бэньсюэ үйіне кіріп, қызын шақырады. Қызы оны танымай "Сен кімсің?" деп сұрайды. Ол ақ шаш түскен әкесін бірнеше минуттан кейін әрең танып, мойнына асылады.

Еске салайық, Қытайдың Ухан қаласында COVID-19 инфекциясы 2019 жылдың желтоқсан айында тіркелді. 31 желтоқсанда ДДСҰ жаңа індет туралы хабарлады. Қаңтар айының ортасында қытайлық мамандар вирус адамнан адамға жұғатынын анықтады. Бірнеше күннен кейін Қытай билігі Ухан қаласын карантинге жапты және эпидемияны тоқтату үшін шаралар қабылдады. Карантин екі ай өткен соң тоқтатылды.

Ал Қазақстанда COVID-19 вирусы 2020 жылғы 13 наурызда тіркелді. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, 1735 адам COVID-19 жұқтырған. Оның ішінде 413 адам жазылды, 19 адам қайтыс болды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети