Лаңкестер "Батакланға" Charlie Hebdo журналын қолдағаны үшін шабуылдаған болуы мүмкін, - деп хабарлайды LifeNews.
Лаңкестер "Батакланға" Charlie Hebdo журналын қолдағаны үшін шабуылдаған болуы мүмкін, - деп хабарлайды LifeNews.
Италиялық La Repubblica басылымы клубтың кірер аузына Je Suis Charlie жазуы бар тақта ілінгені бейнеленген суретті жариялады.
Sky Tg24 телеарнасының мәліметінше, ДАИШ Парижде жасалған террорлық актілерді мойнына алған.
Еске сала кетейік, 13 қараша күні Франция астанасы Парижде бірнеше теракт болды. Ақпарат құралдарының мәліметінше, белгісіз біреулер ең алдымен қаладағы мейрамханалардың біріне шабуыл жасады. Сонымен қатар, Франция-Германия матчы өтіп жатқан "Стад де Франс" стадионының маңынан да жарылыстың даусы естілді. Бұл ойынға Франция президенті Франсуа Олланд келген болатын. Кейін "Батаклан" театрында террорлардың 100 шақты адамды кепілге алғаны хабарланды.