Лаңкестер Жаңа жыл түні Анкараның орталығында жарылыс жасамақ болған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Лаңкестер Жаңа жыл түні Анкараның орталығында жарылыс жасамақ болған © gazetavv.com

ДАИШ лаңкестері  Жаңа жыл түні Анкараның орталығында жарылыс жасамақ болған, - деп хабарлайды AFP.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ДАИШ лаңкестері  Жаңа жыл түні Анкараның орталығында жарылыс жасамақ болған, - деп хабарлайды AFP.

Түрік поркуратурасындағы дереккөздің мәліметінше, полиция Анкарадағы Мамак ауданында жүргізілген операция кезінде лаңкес-жиһадшы болуы мүмкін делінген екі адамды ұстады. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, жиһадшылар Түркияға Сириядан келген. "Оларға ДАИШ ұйымымен байланысы бар және Жаңа жыл түні Анкарада шабуыл жасауды жоспарлады деген күдік келіп отыр", - деп хабарлады аты-жөнін атағысы келмеген дереккөз.

Басылымның мәліметінше, қазіргі уақытта түрік билігі террорлық қатердің барлық түріне жоғары дайындықта. Бұған 10 қазанда болған терактілер себеп болған. Бұл терактілерде екі лаңкес Анкарада бейбіт белсенділердің арасына кіріп, өздерін жарып жіберген. Сол оқиғада 103 адам қаза тапқан болатын. "Бұл Түркия тарихындағы ең ауыр теракт болды. Билік соңғы бірнеше ай бойы елдегі террорлық ұйымдардың өлімшілерін дер кезінде тоқтатып, алдын алу шараларын сәтті жүргізіп келеді", - деп жазады басылым.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети