Ауғанстандық Shamshad TV телеарнасының журналисі көрермендерді таңғалдырды. Ол ДАИШ террорлық ұйымның лаңкестері студияға шабуыл жасағаннан кейін, жаңалықтарды жүргізуге қайта отырған, - деп хабарлайды Al Jazeera.

Парвиз Сапи тікелей эфирге қолын бинтпен орап шығып, шабуылдың аяқталғанын жариялады. Желі қолданушылары журналистің әрекетіне таңданыс білдірді.
Two hours after the attack, #ShamshadTV anchor is back in the studio, with bandaged hand, reading news of the day. Welcome to #Afghanistan. pic.twitter.com/I73mjBsfRZ
— Zafar Mehdi (@mehdizafar) 7 ноября 2017 г.
Кабул қаласындағы Shamshad TV телеарнасының жеке ғимаратына шабуыл 7 қарашада жасалды. Шабуыл салдарынан студия күзетшісі қаза тапты. Тағы 24 адам зардап шекті. Сапи мен оның әріптестері үйіне қайтпай, операцияның аяқталуын күтіп тұрды. "Менің отбасым қайта-қайта қоңырау шалып, үйге қайтуымды сұрады, алайда мен әріптестеріммен бірге сол жерде қалдым", - деді Сапи.