Лаоста елдің солтүстігінде әскери басшылар делегациясы отырған ұшақ апатқа ұшырады, деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новостиге сілтеме жасай отырып.
Лаоста елдің солтүстігінде әскери басшылар делегациясы отырған ұшақ апатқа ұшырады, деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новостиге сілтеме жасай отырып.
Бортында 14 адам бар әуе лайнері Сиенг Куанг провинциясына ұшып бара жатқан жолда апатқа ұшырады. Әскери командалық құрам Лаос халық әскерінің екінші дивизиясының мерейтойын атап өтуге бара жатқан.
"Құлаған ұшақтың бортында Лаос Халықтық Демократиялық Республикасының қоғамдық қауіпсіздік министрі мен оның жұбайы және Вьентьян мэрі болған. Ұшақ Сиенг Куанг провинциясының портына 4 шақырым жетпей құлады", делінген хабарламада.
Осы апатқа байланысты екінші дивизияның 55 жылдығына арналған салтанатты шаралар және әскери парад тоқтатылды. Бүгінде апат болған жерден 9 адамның мәйіті табылған.