Лаоста әскери басшылар делегациясы отырған ұшақ апатқа ұшырады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Лаоста әскери басшылар делегациясы отырған ұшақ апатқа ұшырады ntv.ru сайтынан

Лаоста елдің солтүстігінде әскери басшылар делегациясы отырған ұшақ апатқа ұшырады, деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новостиге сілтеме жасай отырып. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Лаоста елдің солтүстігінде әскери басшылар делегациясы отырған ұшақ апатқа ұшырады, деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новостиге сілтеме жасай отырып. 

Бортында 14 адам бар әуе лайнері Сиенг Куанг провинциясына ұшып бара жатқан жолда апатқа ұшырады. Әскери  командалық құрам Лаос халық әскерінің екінші дивизиясының мерейтойын атап өтуге бара жатқан. 

"Құлаған ұшақтың бортында Лаос Халықтық Демократиялық Республикасының қоғамдық қауіпсіздік министрі мен оның жұбайы және Вьентьян мэрі болған. Ұшақ Сиенг Куанг провинциясының портына 4 шақырым жетпей құлады", делінген хабарламада. 

Осы апатқа байланысты екінші дивизияның 55 жылдығына арналған салтанатты шаралар және әскери парад тоқтатылды. Бүгінде апат болған жерден 9 адамның мәйіті табылған. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 520.22  course up  609.26  course up  6.58  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети