09 қазан 2017 09:03

Лас-Вегастағы қырғын: Жезөкше атқыштың құпиясын ашты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Стивен Пэддок. © AP:ASSOCIATED PRESS Стивен Пэддок. © AP:ASSOCIATED PRESS

Лас-Вегаста тұратын жезөкше The Sun газетіне берген аноним сұхбатында Mandalay Bay қонақүйінен концерт көрермендеріне оқ жаудырған Стивен Пэддок жайлы айтып берді.


Лас-Вегаста тұратын жезөкше The Sun газетіне берген аноним сұхбатында Mandalay Bay қонақүйінен концерт көрермендеріне оқ жаудырған Стивен Пэддок жайлы айтып берді.

27 жастағы әйел бизнесменнің клиент болғанын айтқан. Ол ер адамның кездесу кезінде әкесінің атақты банк тонаушысы болғанын, 1969 жылы түрмеден қашып шыққанын айтып, мақтанғанын мәлімдеген. Әйелдің айтуынша, Пэддок көп уақытын ішімдік ішумен және құмар ойындарын ойнаумен өткізетін.  

Сонымен қатар, Пэддок кейде "параноидалдық" және "желікпе" күйге түсетін болған. Күндердің бірінде, жезөкшенің айтуынша, атқыш казинодан ұтыспен қайтқаннан кейін онымен зорлауға келіңкірейтін "агрессив жыныстық қатынаспен" айналысқан.  

Кездесу кезінде атқыш жезөкшеге 11 қыркүйектегі терактті АҚШ үкіметі жасаған деген де әңгімелер айтатын болған. 

Ал осының алдында полиция Пэддоктың Лас-Вегастағы қырғын алдында екі жезөкшені жалдағанын анықтаған еді. Тергеушілер атқыштың мотивін анықтау үшін сол жезөкшелерден жауап алып жатыр екен. 

Еске салайық, 1 қазанда Лас-Вегастағы музыка фестивалінде атыс шығып, 59 адам қаза тапқан, тағы 500-ден аса адам зардап шеккен. Фестивальде оқиға кезінде 22 мыңдай адам болыпты. 

Лас-Вегастағы қырғын АҚШ тарихында адам өлімі ең көп тіркелген оқиға болып отыр. Мұның алдында 2016 жылдың 12 маусымында Орландода болған қырғын қаза тапқан адам саны бойынша ең көбі еді. Сол кезде Pulse гей-клубында 49 адам өлтіріліп, 53-і жарақат алған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети