Латвия жағалауында ұшақ апатқа ұшырады

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Латвия жағалауында ұшақ апатқа ұшырады Фото: Wikimedia Commons

Жеке Cessna 551 ұшағы Латвияның Вентспилс қаласының солтүстік-батысында апатқа ұшырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Bild басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жеке Cessna 551 ұшағы Латвияның Вентспилс қаласының солтүстік-батысында апатқа ұшырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Bild басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, Аустрияда тіркелген ұшақ Испаниядан Германияға бет алған. Ұшқаннан кейін ұшқыш кабинадағы қысымда ақаулар туралы хабарлаған. Кейінірек Пиреней түбегі аймағында ұшақпен байланыс үзілген.

Швеция жағалау күзеті апат орнына құтқару ұшақтары, қайықтар мен тікұшақ жіберді. Жолаушылар паромы да зардап шеккендерге көмек көрсету үшін дабылға қойылды.

Жағалау күзеті апат орнында мұнай мен қоқыстың іздерін тапты. Бірақ ұшқыш пен, үш жолаушыны таппаған.

Авиациялық қауіпсіздік жөніндегі сарапшы Ханс Кьяллдың айтуынша, қысымға байланысты жолаушылар мен ұшқыш есінен танып қалуы мүмкін. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети