Украинаның Харьков қаласында бейнебақылау камералары жантүршігерлік жол апатын түсіріп алды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан бес адам қаза тапты, - деп хабарлайды РЕН ТВ.
Украинаның Харьков қаласында бейнебақылау камералары жантүршігерлік жол апатын түсіріп алды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан бес адам қаза тапты, - деп хабарлайды РЕН ТВ.
Оқиға 18 қазанда болды. Бейнеролик Украина ішкі істер министрінің кеңесшісі Антон Геращенконың Facebook желісіндегі парақшасында жарияланды.
Lexus жүргізушісі 20 жастағы Алена Зайцева Харьков қаласының Сумской көшесіндегі бір топ адамды қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан бес адам қаза тапты, ал алты адам ауруханаға жеткізілді. Тағы екі адамның жағдайы ауыр. Зардап шеккендердің бірі - жүкті әйел ес-түссіз жатыр.
Осы дерекке қатысты іс қозғалды. Жол апатына кінәлі қыз қамауға алынды.