LG компаниясы Ресейдегі өндірісін Қазақстанға көшіру туралы ақпаратқа пікір білдірді

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Оңтүстік Кореялық LG Electronics компаниясы Ресейдегі зауытын жауып, тұрмыстық техника өндірісін Қазақстан немесе Өзбекстанға көшіру мүмкіндігін қарастырып жатқаны туралы ақпаратты жоққа шығарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Коммерсантъ және "Аргументы и Факты" басылымдарына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Оңтүстік Кореялық LG Electronics компаниясы Ресейдегі зауытын жауып, тұрмыстық техника өндірісін Қазақстан немесе Өзбекстанға көшіру мүмкіндігін қарастырып жатқаны туралы ақпаратты жоққа шығарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Коммерсантъ және "Аргументы и Факты" басылымдарына сілтеме жасап.

Бұған дейін бірнеше БАҚ LG Өзбекстанда Samsung құрылғыларын шығаратын Artel компаниясымен келіссөздер жүргізіп жатқанын хабарлаған болатын.

"Қазір бізде LG компаниясымен ешқандай серіктестік жоқ және біз жалғасып жатқан келіссөздер туралы ақпаратты жария ете алмаймыз", - деп мәлімдеді Artel компаниясы.

Өндірісті Өзбекстанға немесе Қазақстанға көшіру мүмкіндігі бар деген ақпарат "мүлдем негізсіз" деп жазады The JoongAng LG-ге сілтеме жасап.

Оңтүстік Кореядағы Business Post басылымының хабарлауынша, LG Electronics ресейлік өндірістің Қазақстанға немесе Өзбекстанға өтуі туралы ақпаратты жоққа шығарып, оны "негізсіз" деп атады. Концерн өкілі бұл мәселеге қатысты ресейлік БАҚ-тың ақпараттары шындыққа жанаспайтынын айтты.

Еске салайық, бұған дейін LG Electronic Ресейдің Украинаға басып кіруі басталғаннан кейін Ресейге барлық өнімдерді жеткізуді тоқтатқанын хабарлаған болатын. Компанияның сайтында жарияланған ресми мәлімдемеде бренд адамдардың қауіпсіздігіне алаңдайтыны және гуманитарлық қолдау көрсетумен айналысатыны айтылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro