Литваның экс-президенті: "Үшінші дүниежүзілік соғыс болып жатыр"

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Reuters © Reuters

Үшінші дүниежүзілік соғыстың алдын алу үшін Батыстың шегінуі - тығырық, себебі Үшінші дүниежүзілік соғыс басталып кетті. Бұл туралы Литваның экс-президенті Даля Грибаускайте мәлімдеді, - деп хабарлайды Delfi.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Үшінші дүниежүзілік соғыстың алдын алу үшін Батыстың шегінуі - тығырық, себебі Үшінші дүниежүзілік соғыс басталып кетті. Бұл туралы Литваның экс-президенті Даля Грибаускайте мәлімдеді, - деп хабарлайды Delfi.

"Үшінші дүниежүзілік соғыс жүріп жатыр. Ол еуропалық. Бұл тек Украинамен соғыс емес. Бұл Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін қалыптасқан қауіпсіздік архитектурасына қарсы бүкіл демократиялық әлемге қарсы соғыс. 

Оны бастаған да, жағдайды қиындатып жатқан да біз емес. Егер артқа шегінсек, агрессор басымызға шығып, қалыптасқан тәртіпті өзгертеді. Ал оның салдары жаман болады, онымен күресе алмай қаламыз. Әсіресе біз сияқты кіші елдер үшін", - дейді ол. 

Грибаускайтенің сөзінше, Батыс мүлдем басқа өркениетке тап болады. Ал Путин билігіне қарапайым адамдар емес, "әскерилер" мен басқа да қаржы құрылымдары қолдау білдіреді. Сонымен қатар, экс-президент санкцияларға қатысты ойын айтты. 

"Ешқандай санкция оларды ойынан айнытпайды. Керісінше, батыс елдері салып жатқан санкциялар Батысқа қарсы адамдарды біріктіреді. Батыс өкілдерімен тамақтанып, әзілдеп: "оларға күн көру үшін картоп, қияр және тағы басқа нәрсе ғана керек" деген едім. Біз, Батыс өкілдері оларға біздің сусабын немесе басқа да нәрсе жетпей қалады деп ойлаймыз. Олар онсыз да өмір сүре алады және кез келген санкцияға төтеп бере алады", - дейді ол. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 523.18  course up  595.41  course up  6.37  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro