Ливанда метеорит құлады - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ливанда метеорит құлады - БАҚ Фото: ©depositphotos.com

Ливанның солтүстігіндегі Аккар провинциясында метеорит құлап, өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости-ге сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ливанның солтүстігіндегі Аккар провинциясында метеорит құлап, өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Ливанның ұлттық NNA ақпарат агенттігінің мәліметінше, Әл-Талил елді мекенінің тұрғындары аспанда сфералық формадағы метеоритті көріп таңқалған. Ол жазық жерге құлаған, салдарынан плантацияда өрт шыққан.

Елді мекен тұрғындары бұл құбылысты "біртүрлі" деп атаған. Оқиғадан зардап шеккен адамдар туралы мәлімет жоқ, әрі метеорит құлауы салдарынан туындаған залал анықталмаған.

Фото: @MusicNationmе/twitter.com

Ливанның ұлттық NNA агенттігі бұл ақпаратты анықтап жатыр.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 502.56  course up  595.54  course up  6.57  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети