10 тамызда Үкіметке қарсы жаппай наразылық кезінде Ливанның ақпарат министрі Маналь Абдель Самад және қоршаған ортаны қорғау және әкімшілік даму министрі Дамианос Каттар отставкаға кетті, - деп хабарлайды DW.
10 тамызда Үкіметке қарсы жаппай наразылық кезінде Ливанның ақпарат министрі Маналь Абдель Самад және қоршаған ортаны қорғау және әкімшілік даму министрі Дамианос Каттар отставкаға кетті, - деп хабарлайды DW.
"Нәтижесіз үкімет" бірнеше рет сәтсіздікке тап болды", - деді Каттар отставкасы туралы мәлімдегенде.
Енді ол жастарға үміт артатынын атап өтті.
Бұған дейін Ливанның премьер-министрі Хасан Диаб 10 тамызда үкіметке мерзімінен бұрын сайлау өткізуді ұсынатынын хабарлаған.
NNA мемлекеттік ақпарат агенттігінің хабарлауына қарағанда, Ливан парламентінің төрағасы Набих Берри 13 тамызда шұғыл отырыс өткізуге шақыратынын мәлімдеген. Сол кезде ел астанасында болған "қылмысқа" байланысты үкімет жауап береді.
АҚШ президенті Дональд Трамп Ливанға "айтарлықтай көп" көмек көрсетуге уәде етті, деп жазады РИА Новости.
"Көптеген ел көмектесейін деп жатыр", - деді Трамп журналистерге. АҚШ қанша ақша бөледі деген сұраққа: "Айтарлықтай көп болады" деді ол.
Еске салайық, Ливанда халық Бейрут портында болған жарылыс пен 150-ден астам адамның өліміне үкіметті кінәлайды. 6000-нан астам адам жарылыс салдарынан жарақат алған.
Бейруттағы жарылыс: Ливан премьері себебін айтты
Еске салайық, Бейрут портының ауданында 4 тамыз күні кешке жойқын жарылыс болды. Қала губернаторының айтуынша, қаладағы ғимараттардың жартысы зардап шеккен және ауруханалар зардап шеккен адамдарға толған.
Жойқын жарылыс кезінде Қазақстан консулы зардап шекті.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!