Ливандық әйелдер ел астанасы Бейрут қаласының жағалауына той көйлектерін іліп қойды, - деп хабарлайды The Independent.
Ливандық әйелдер ел астанасы Бейрут қаласының жағалауына той көйлектерін іліп қойды, - деп хабарлайды The Independent.
Басылымның мәліметінше, әйелдер осы әрекетке наразылық білдіру мақсатында барған. Олар ескі заңға (егер зорлықшы жәбірленушіге үйленетін болса жазадан құтылуына мүмкіндік беретін заң) көңілі толмайтынын жеткізген.
Ілінген 31 той көйлегі бір ай ішіндегі күн санын білдіреді, яғни олар күн сайын зорлық көруі мүмкін. Басылым мәліметінше, той көйлектері желге теңселген мәйіттерді бейнелейді.
Ливанның Қылмыстық кодексінің 522-бабына сәйкес, зорлықшылар жеті жылға бас бостандығынан айырылады. Алайда зорлықшы жәбірленушімен үйленетін болса, жазадан құтылып кетеді екен. The Independent мәліметінше, мұндай шешім 1940 жылдары қабылданған.
Ақпанда парламенттік комитет осы олқылықты жою үшін дауыс берді, алайда барлық депутаттың дауыс беру рәсімі 15 мамырға белгіленген.
Join us at 11 am in Ain Mrayseh (in front of McDonald's) in solidarity with all the #women in #Lebanon
— ABAAD MENA (@AbaadMENA) 22 апреля 2017 г.
Stay Tuned!#undress522 #abaad pic.twitter.com/tUnVscmTTw