Ливияда содырлар соңғы төрт айда тұтқында болған Ұлыбритания азаматы Дэвид Боламды босатты, - деп хабарлайды The Telegraph басылымы.
Ливияда содырлар соңғы төрт айда тұтқында болған Ұлыбритания азаматы Дэвид Боламды босатты, - деп хабарлайды The Telegraph басылымы.
Дэвид Болам (David Bolam) Бенгази қаласындағы халықаралық мектепте мұғалім болып қызмет атқарған. Ол осы жылдың мамыр айында, үйіне қайтып бара жатқан кезде тұтқынға түскен. Британдық азамат отбасымен кездесті. Айта кетейік, тамыз айында ғаламторда Дэвид Боламның Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмероннан үйіне оралу үшін көмек сұрап тұрған бейнеролигі шыққан еді.
"Дэвид Болам енді қауіпсіз жерде екеніне біз қуаныштымыз. Біз оның отбасын осы уақытқа дейін қолдап келдік", - делінген Ұлыбритания СІМ-нің хабарламасында.
Басылым сондай-ақ 2011 жылы Муамар Каддафиді биліктен құлатқан соң, елдің әскері мен полициясы әлі күнге дейін мемлекетті өз бақылауларына ала алмай жатқанын айтады. Ел территориясының басым бөлігі әлі де арнайы жасақтың бақылауында.