Лондон көпірінде бес адамды пышақтаған қаскөйдің кім екені анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Лондон көпірінде бес адамды пышақтаған қаскөйдің кім екені анықталды

Лондон қаласында көпірде кездейсоқ адамдарға шабуыл жасаған қаскөйдің кім екені анықталды, ол 28 жастағы Усман Хан, - деп хабарлайды РИА Новости Ұлыбритания астанасының полициясына сілтеме жасап. 

Осыған дейін белгісіз біреудің Лондон көпірінде кездейсоқ адамдарға пышақ ала жүгіргені хабарланған еді. Оқиға салдарынан екі адам қаза болды, тағы үш адам зардап шекті. Полиция шабуылдаған ер адамның өзін жойды. Бұл іс терроризм ретінде қаралып жатыр. 

"Қазіргі уақытта біз ресми түрде күдіктінің кім екенін жариялай аламыз, ол Стаффордшир графтығында тұратын 28 жастағы (10.03.1991) Усман Хан", - деді полиция өкілдері. 

Қазіргі уақытта полиция қаскөйдің Стаффордшир ауданының нақты қай жерінде тұратынын анықтап жатыр екен. Полиция мәліметінше, 2012 жылы Усман Хан терроризмге қатысы бар деген күдікпен сотталған. Ол 2018 жылы желтоқсанда босатылған. Құқық қорғау органдары басқа күдіктілерді іздестіріп жатқан жоқ. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети