09 сәуір 2020 | 15:58

Лондон тұрғыны коронавирустан көз жұмған ұлының оқиғасын бөлісті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Лондон тұрғыны Анна Ньяк Daily Mail-ге коронавирустан қайтыс болған ұлының оқиғасын бөлісті, - деп хабарлайды РИА Новости


Иконка комментария блок соц сети

Лондон тұрғыны Анна Ньяк Daily Mail-ге коронавирустан қайтыс болған ұлының оқиғасын бөлісті, - деп хабарлайды РИА Новости

Эмека Ньяк автобус жүргізушісі болып қызмет еткен. Ол эпидемия кезінде де жұмыс істеуге мәжбүр болған. Анасының айтуынша, ол барлық сақтық шарасын сақтап, мүмкіндігінше үйде қалуға тырысқан. 

Алайда 36 жастағы жүргізушінің басшылары қорғаныш заттарын бермей, автобусқа дезинфекция жасамаған көрінеді. Нәтижесінде Эмека Ньяк коронавирус жұқтырған. Екі аптадай үйде оқшауланып, 4 сәуірде ер адамның жағдайы нашарлап кеткен. 

Анна Ньяктың ұлы дәрігерлер бригадасы келген соң бірнеше уақыттан кейін көз жұмған. Эмека Ньяктан бөлек лондондық қоғамдық көлік жүйесінің 5 қызметкері қайтыс болған. Марқұмдардың туысы болған оқиғаға қала мэрі Садик Ханды кінәлап отыр. Олардың ойынша, жергілікті билік қызметкерлерге қорғаныш заттарымен қамтамасыз етпеген. 

Соңғы мәліметтер бойынша, Ұлыбританияда 60 733 адам коронавирус инфекциясын жұқтырып, 7 мыңнан аса адам қайтыс болған.  

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети