Лондонда коронавирус жұқтырғандардың санының күрт ұлғаюына байланысты сенбіден бастап карантин шарасы күшейтіледі. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрі Мэтт Хэнкок мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.
Лондонда коронавирус жұқтырғандардың санының күрт ұлғаюына байланысты сенбіден бастап карантин шарасы күшейтіледі. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрі Мэтт Хэнкок мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.
Елде сәрсенбіден бастап енгізілген үш кезеңдік шектеу бойынша Лондон әлі бірінші кезеңде болған, яғни бір жерде алты адамға дейін жиналуға және дүкендер мен мейрамханалардың кешкі сағат 22:00-ге дейін жұмыс істеуіне рұқсат етілген.
"Лондонда науқастардың саны апта сайын еселеніп жатыр. Біз алдағы таңда одан да қатаң шектеу енгізбеу үшін қазірден бастап әрекет етуіміз керек... Мэрмен және жергілікті билікпен кеңесе отырып, біз Лондонда "жоғары" дәрежегелі шектеу қабылдануы керегін шештік", - дейді ДСМ басшысы.
Лондонда шектеудің екінші деңгейі сенбіден бастап енгізіледі. Ережеге сәйкес тұрғындардың бір-бірінің үйіне қонаққа баруына тыйым салынады. Таза ауада алты адамнан көп жиналуға болмайды, қоғамдық көлікті қолданудан және қала және ел бойынша саяхаттаудан бас тарту ұсынылды. Жергілікті билік тұрғындарға көлік құралы ретінде велосипедтер мен самокаттарды қолдануды, көбіне жаяу жүруді ұсынды.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!