23 наурыз 2017 | 02:27

Лондонда парламент ғимаратының алдында теракт жасалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© AP Photo/ Kirsty Wigglesworth © AP Photo/ Kirsty Wigglesworth

Ұлыбритания парламентінің маңында атыс болды, зардап шеккендер бар, - деп хабарлайды BBC News.


Иконка комментария блок соц сети

Ұлыбритания парламентінің маңында атыс болды, зардап шеккендер бар, - деп хабарлайды BBC News.

Кем дегенде, соңғы мәлімет бойынша, төрт адам қаза тауып, 20-сы жараланған. Бұл туралы Скотланд-Ярд басшысының орынбасары Марк Роули хабарлаған. 

Қауымдастықтар палатасының лидері Дэвид Лидингтон бастапқыда белгісіз біреудің полицейді пышақтағанын, кейін өзі жараланғанын хабарлаған. Осы уақытта парламент маңында орналасқан Вестминстер көпірінде көліктің бірнеше адамды қағып кеткені хабарланған. 

Атыс кезінде ғимарат ішінде болған журналист Кевин Шофилдтың айтуынша, ол сырттан атыс естіген, кейін адамдардың айғайы естілген. Ол белгісіз біреудің полицейге шабуыл жасағанын, сонымен қатар қарулы ер адамды байқағанын айтып отыр. Осыдан кейін, Шофилдтың айтуынша, тағы да атыс басталып, көшеге қарулы полицейлер келген. Парламент ғимаратының ауласында жарақат алғандарға алғашқы жәрдем көрсетілген. 

РИА Новости мәліметінше, Скотланд-Ярд Лондондағы парламент ғимаратында болған оқиғаны теракт деп танып оттыр. "Біз басқа мәліметтер алмайынша, бұл оқиғаны теракт деп қарастырамыз", - деп келтіреді ағылшын БАҚ-тары полиция өкілінің сөзін.


© PA


© Reuters

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети