Лондонда шектеу шараларына қарсы шеру өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Лондонда шектеу шараларына қарсы шеру өтті Фото: "Хабар 24"

Лондонда коронавирустың таралуына байланысты қабылданған шектеулерге қарсы шеру өтті, - деп хабарлайды "Хабар 24".

ПОДЕЛИТЬСЯ

Лондонда коронавирустың таралуына байланысты қабылданған шектеулерге қарсы шеру өтті, - деп хабарлайды "Хабар 24".

Телеарна мәліметінше, наразылық акциясына шыққан жұрт алдымен қала көшелерімен жүріп өтіп, кейін Гайд-паркте жиналды. Көбі маска тақпаған.

Полиция шерушілер әлеуметтік арақашықтық сақтамағанын мәлімдеп, оларды үйлеріне тарауға шақырды. Бұл сөздерге ешкім құлақ аспағаннан кейін тәртіп сақшыларының күш қолдануына тура келді. Ереуілшілер де қарап қалмаған.

Сөйтіп шеру соңы тәртіпсіздікке ұласты. Нәтижесінде 33 адам қамауға алынды.

Еске салайық, Ұлыбританияда коронавирус жұқтырғандар саны 4,2 миллионнан асты. Оның ішінде, 3,6 миллион адам аурудан айықса, 126 122 адам қайтыс болған. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети