Лос-Анджелес тұрғындары аспандағы таңғажайып көріністі видеоға түсірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Лос-Анджелес тұрғындары аспандағы таңғажайып көріністі видеоға түсірді Видеодан алынған скриншот

Лос-Анджелес тұрғындары аспандағы таңғажайып көріністі видеоға түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Лос-Анджелес тұрғындары аспандағы таңғажайып көріністі видеоға түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұл құбылысты көргендер түрлі жорамалдар айтып, оның не екенін ұқпаған. Әлеуметтік желі қолданушыларының көпшілігі мұны бөгде ғаламшардағылар деп атады.

Бұл видео кеңінен тарап, Instagram желісіндегі көптеген қазақстандық пабликте де пайда бола бастады.

Кейін АҚШ тұрғындарының Falcon 9 зымыранының ұшқан сәтіне куә болғандары анықталды, бортына Iridium байланысының он спутнигін тиеген ракетаны ұшыру Калифорнияда сәтті басталды, оның трансляциясын SpaceX компаниясы жүргізіп отыр.

РИА Новости агенттігінің мәліметтері бойынша, зымыранды ұшыру сенбі күні, Астана уақытымен сағат 07.27-де Ванденберг ғарыш айлағында басталған. 

Iridium NEXT тобы орбитадағы бұрынғы спутниктерді ауыстыруы тиіс. SpaceX пен Iridium Communications келісім бойынша 70-тен аса аппаратты ұшыруға ниеттеніп отыр. SpaceX үшін бұл ондаған Iridium аппаратын тиеп, төртінші рет ұшыруы. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети