26 мамыр 2021 | 16:46

Лукашенко Батыстан өтемақы талап етті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Александр Лукашенко Роман Протасевич отырған Ryanair ұшағымен болған оқиғаны тергеу шығындарын Батыс өтеуі тиіс деп мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Беларусь сегодня" сайтына сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Александр Лукашенко Роман Протасевич отырған Ryanair ұшағымен болған оқиғаны тергеу шығындарын Батыс өтеуі тиіс деп мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Беларусь сегодня" сайтына сілтеме жасап. 

"Тағы бір санкцияларды дайындап жатсаңыздар, оқиғаны тергеу кезінде Беларусь жұмсаған шығындарды өтеуді ұмытпаңыздар. Менің командам бойынша ТЖМ, Денсаулық сақтау министрлігі, саперлер, кинологтар, антитеррор және басқа да қызметтер көтерілді. Олар халықаралық ережелер мен біздің заңдарымызға сәйкес тартылды. Бұл үшін ақы төлеу керек", - деді ол Парламент пен Конституциялық комиссия мүшелерімен және Беларусьтің мемлекеттік басқару органдарының өкілдерімен өткен кездесуде. 

Лукашенконың айтуынша, "Беларуське қарсы көп деңгейлі, көп қырлы гибрид соғыс басталғаны бүкіл әлемге түсінікті".

"Мақсат айқын. Беларусьті қорлау кімге пайдалы екенін біз де білеміз. Сіздерге құлаққағыс: Беларусь - шағын мемлекет, бірақ біз адекват түрде жауап береміз. Әлемде ұқсас мысалдар бар. Жете ойластырылмаған, өткір шешімдер жасамас бұрын, Беларусь Еуропаның орталығы екенін ұмытпаңыздар. Мұнда бір нәрсе басталса, тағы бір соғыс, дүниежүзілік соғыс болады. Айтпақшы, алдыңғысы да осы жерден басталды", - деді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети