Лукашенко Беларусьте мобилизация жүргізу туралы сұраққа жауап берді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Лукашенко Беларусьте мобилизация жүргізу туралы сұраққа жауап берді Фото: ©РИА Новости

Беларусь президенті Александр Лукашенко елде мобилизация шараларын жүргізбейтінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Белта" агенттігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Беларусь президенті Александр Лукашенко елде мобилизация шараларын жүргізбейтінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Белта" агенттігіне сілтеме жасап.

Лукашенконың айтуынша, оппоненттер "Беларусь те Ресейге ұқсас мобилизация жасауы мүмкін" деген тезисті дамытып жатыр.

Бұл ретте Лукашенко ел ықтимал қауіптерге, лаңкестік жасау әрекеттеріне міндетті түрде жауап беретінін атап өтті. Оның айтуынша, "адамдар өз міндеттерін біліп, қажетті әскери дағдыларды меңгеруі үшін" түрлі оқу-жаттығулар жүйелі түрде, соның ішінде халық жасақтарымен өткізіліп тұрады.

Бұған қоса, ол Беларусь соғысқа араласпайды деп қосты.

"Біз үйімізді, жерімізді қорғау керек болғанда ғана соғысамыз", - деді ол.

Александр Лукашенко әлемде ақпараттық соғыс басталып, жалғасып жатқанын, ақпараттық-психологиялық операциялар жүргізіліп жатқанын атап өтті. Бұл жағдайда күтуге болмайды, жауап беру керек, дейді ел президенті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети