Лукашенко Еуропаға кеткен белорустарға қайта оралуға тыйым салды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Лукашенко Еуропаға кеткен белорустарға қайта оралуға тыйым салды © Тұрар Қазанғапов

Александр Лукашенко пандемия кезінде елден кетіп қалған Беларусь азаматтарының елге оралуына тыйым салды. Алайда бұл шектеудің Ресейге кеткен азаматтарға қатысы жоқ, себебі, саясаткердің сөзінше, Беларусьтің "шекарасы жоқ", - деп хабарлайды DW.

Бұл туралы Лукашенко 5 қарашада өткен вирус инфекциясына қарсы шаралар туралы жиында айтты. 

Александр Лукашенконың айтуынша, ол шекара әскерінің қолбасшысына тек шетелдік емес, сондай-ақ "ел үшін қиын кезде" кетіп қалған Беларусь азаматтарының елге кірмеуіне бұйрық берген. 

Сонымен қатар, Лукашенко бұл бұйрық Беларуське Батыстан келетіндерге ғана қатысты екенін, себебі елдің Ресеймен "шекара жоғын" айтқан. 

Александр Лукашенконың сөзінше, кей белорустар елге емделу арзан болғандықтан келеді. 

"Ол жаққа оқуға кетті ме - оқысын, жұмыс істесін. Біз оған қарсы болмадық қой. Сондықтан сол жерде жұмыс істеп, емделсін", - деді ол. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети