Лукашенко халыққа шұғыл мәлімдеме жасайды - БАҚ

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: РИА Новости Фото: РИА Новости

Беларусь президенті Александр Лукашенко халыққа шұғыл мәлімдеме жасауға дайындалып жатыр. Бұл туралы "Коммерсант FM" радиостанциясы Twitter желісіндегі парақшасында мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Наталья Эйсмонтке сілтеме жасап жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Беларусь президенті Александр Лукашенко халыққа шұғыл мәлімдеме жасауға дайындалып жатыр. Бұл туралы "Коммерсант FM" радиостанциясы Twitter желісіндегі парақшасында мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Наталья Эйсмонтке сілтеме жасап жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Александр Лукашенко халыққа шұғыл мәлімдеме жасауға дайындалып жатыр - президенттің баспасөз хатшысы Эйсмонт", - делінген хабарламада.

Кейін бұл ақпарат аноним Telegram каналда пайда болғаны және бұл мәліметтің әлі нақтыланбағаны хабарланды. 

Сондай-ақ, республика кеңесінің төрағасы Наталья Кочанова Лукашенконың атынан наразылыққа шыққан тұрғындарды ұстау мәселесіне қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, заңсыз митингіге қатысып ұсталған мыңнан аса адам үйіне жіберілген. Ол "Беларусь 1" телеарнасының эфирінде беларусьтарға "төбелес те, соғыс та керек емес" деді.

"Президент еңбек ұжымдарындағы адамдардың пікірін естіп, маған наразылыққа шыққан тұрғындарды ұстау мәселесін шешуді тапсырды. Бұл соңғы күндері болған оқиғаға қатысты. Қазіргі таңда осы бағытта белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр. Бүгін кешке рұқсат етілмеген шараларға қатысқан мыңнан аса адам үйіне жіберілді. Ал кәмелетке толмағандар қолхатпен ата-аналарына жіберілді", - дейді Наталья Кочанова Telegram-дағы "Пул первого" каналында.

Беларусьтегі тәртіпсіздік: оқиға қалай басталды?

Еске салайық, 9 тамызда Беларусьте президент сайлауы өтіп, соңы тәртіпсіздікке ұласқан еді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro