Лукашенко мен Путин біріккен әскери топтар құруға келісті

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Лукашенко мен Путин біріккен әскери топтар құруға келісті Фото ©РИА Новости

Беларусь пен Ресей президенттері Александр Лукашенко мен Владимир Путин біріккен әскери топтар құруға келісті. Бұл туралы Лукашенко қауіпсіздік мәселелеріне арналған кеңесте мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі БЕЛТА агенттігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Беларусь пен Ресей президенттері Александр Лукашенко мен Владимир Путин біріккен әскери топтар құруға келісті. Бұл туралы Лукашенко қауіпсіздік мәселелеріне арналған кеңесте мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі БЕЛТА агенттігіне сілтеме жасап.

Александр Лукашенко Санкт-Петербургте ТМД елдерінің бейресми саммитінен кейін Ресей президенті Владимир Путинмен жеке кездесу өткізгенін атап өтті.

"Одақтас мемлекеттің батыс шекараларындағы шиеленісуге байланысты Ресей Федерациясы және Беларусь Республикасы біріккен әскери топтар құруға уағдаластық. Мұның бәрі біздің құжаттар бойынша. Қауіп деңгейі қазіргідей деңгейге жетсе, біз одақтас мемлекеттердің әскери топтарын пайдалана бастаймыз. Бұл топтың негізі (мен бұл туралы әрдайым айтамын) - армия, Беларусь Республикасының Қарулы күштері", - деді Лукашенко.

Оның айтуынша, бұл әскери топтарды құру басталған.

"Менің ойымша, бұл екі күннен бері жалғасып жатыр. Осы әскери топтарды құруға тапсырма берілді", - деді Беларусь президенті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети