23 маусым 2020 07:47

Лукашенко "мұртты тарақан" дейтіндерге жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: РИА Новости Фото: РИА Новости

Беларусь президенті Александр Лукашенко оппозиция оның рейтингін айтарлықтай төмендетті деп есептейтінін айтты, сондай-ақ, ол түрлі сөз айтып, қорламауды сұрады. Бресттегі аккумулятор зауытының құрылысына қарсы шыққандармен кездесудегі оның сөзін "Пул Первого" Telegram-каналы жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қандай да бір проблема болса, айтыңыздар. Менен басқа, қазіргі биліктен басқа бұл проблемаларыңызды ешкім де шешіп бере алмайтынына сеніңіздер. "Сіздер "Саша 3 процента" деп жейделеріңізге жазып алыпсыздар. Сіздер қазіргі президентте 3 пайыз болатынына сенесіздер ме? Мен тіпті осы жиналғандардың ішінде де одан да көп жинаймын (дауыс жинауды айтып тұр - авт.)", - деді ол наразы топ алдында.

Лукашенко "мұртты тарақан" дейтіндерден қорламауды сұрады. Ол президент екенін, ешқандай елде бұлай сөйлеуге рұқсат берілмейтінін ескертті.

Сондай-ақ, ол билік құзырындағы барлық мәселені оның өкілдерімен, оның ішінде президентпен бірге шешуге шақырды.

"Сіздер ойлағандай мұрнымды шүйіріп қарамаймын. Жауап беремін", - деді Лукашенко.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети