Лукашенко өз өкілетін бөлісуді бастап кеткенін мәлімдеді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©REUTERS ©REUTERS

Беларусь президенті Александр Лукашенко 2021 жылға дейін өз өкілетін басқа органдармен бөлісуді жоспарлап отырғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі БелТа сайтына сілтеме жасап. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Беларусь президенті Александр Лукашенко 2021 жылға дейін өз өкілетін басқа органдармен бөлісуді жоспарлап отырғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі БелТа сайтына сілтеме жасап. 

"Бізде элита деп аталатындардың бір бөлігі конституциядағы өзгерістеді, тепе-теңдікті қалап отыр. Яғни, оны теңдестіру керек. Мен мұны істей бастадым. Қазіргі конституциямен де ешкім кедергі келтіре алмайды. Міне, біз президенттің 57 немесе 70 өкілеттігін санадық, оларды қазіргі конституция бойынша басқа органдарға беруге болады. Біз мұны бастадық. Адамдар көруі үшін. Өкілетті беруге болады. Бірақ олар бұл өкілетті қалай атқара алатыны - мәселе", - деді Лукашенко Беларусь пен шетелдік саяси шолушыларға берген сұхбатында.

"Жаңа жылға дейін адамдар кейбір өкілет бойынша бір нәрсе көреді. Парламент, үкімет: жарайды, міне, бес мәселе бар, олар бойынша президентсіз шешім қабылдаңыз. Келісіп қабылдасаңыздар, мен заңға қол қоямын. Адамдарға конституцияны бұзбай осы жазылған авторитарлық жүйеден тыс қалай жұмыс істеуге болатынын көрсетемін", - деді Александр Лукашенко.

"Хабар" агенттігінің төрағасы Ерлан Бекхожин Александр Лукашенкодан президенттік лауазымнан қандай жағдайда бас тартуы мүмкін екенін де сұрады.

"Кенеттен деген болмайды. Уақыты келгенде бұл лауазымнан кетемін. Бірақ кенеттен кету қауіпті", - деді Лукашенко.

Сондай-ақ ол әрі қарай қандай қадамдар жасалатынын алдағы жиында хабарлайтынын тілге тиек етті.

"Біз адамдарды тастап кетпейміз, ондай қадамға бармаймыз. Ешқайда қашатын ойым жоқ, қашпаймын да. Адамдарды сатып, тастап кете алмаймын", - дегенді қосты ол.

Ал Ерлан Бекхожиннің Беларусь, Грузия, АҚШ, Қырғызстан секілді елдердің барлығында өткен президенттік сайлаудың толқулар мен ереуілдер ұласуының себебі жайлы сауалына А.Лукашенко: - Өзім де осы сауалға жауап іздеудемін. Беларусьте болып жатқан жағдайға байланысты ғана емес, мұның өзі ерекшеліктері бар. Ол жайлы өздеріңіз де білесіздер. Мен де сіздер сияқты айналамызда болып жатқан ауқымды процестерге алаңдаулымын. Біз бұған қарсы жоғары иммунитет қалыптастыруымыз керек, - деді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 513.5  course down  583.17  course down  6.22  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro