Лукашенко ұлықтау рәсімі неге жасырын өткенін айтты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: belta.by Фото: belta.by

Беларусь президенті Александр Лукашенко ұлықтау рәсімі депутаттар отырған автобусқа қарсы "Молотов коктейлімен" арандату туралы ақпаратқа байланысты жасырын өткенін мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Беларусь президенті Александр Лукашенко ұлықтау рәсімі депутаттар отырған автобусқа қарсы "Молотов коктейлімен" арандату туралы ақпаратқа байланысты жасырын өткенін мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Бір күн бұрын комитет төрағасы келді. Үстелге құжат қойып, депутаттарға қарсы арандату ұйымдастырылып жатқанын айтты. Олар ұлықтау рәсімі болатынын және депутаттар автобуста болатынын білді. Терезені сындырып, автобусқа Молотов коктейлін тастағысы келді", - деді Лукашенко жұмада Минскіде студенттермен кездесу кезінде. Президенттің айтқанын оның баспасөз қызметіне жақын "Пул Первого" Тelegram-каналы жазды.

"Ұлықтау рәсімі туралы ешкім айтпас еді. Барлығы сол жерде депутаттарды өртеді деп айтатын еді. Сонда менің не істеуім керек еді?! Қолымнан келгенін ғана істедім", - деп толықтырды Лукашенко.

Айта кетейік, Белта мемлекеттік агенттігі күтпеген жерден 23 қыркүйекте алдын-ала хабарландырусыз Лукашенконың Беларусь президенті қызметіне кіріскенін, ұлықтау рәсімі Тәуелсіздік сарайында өткенін хабарлады. Ұлықтау рәсімінің телетрансляциясы да жүргізілген жоқ.

2020 жылдың 9 тамызында Белорусте өткен президент сайлауынан кейін, ОСК мәліметтері бойынша 80,1 пайыз дауыс жинаған Александр Лукашенко алтыншы рет жеңіске жетті. Сайлау нәтижесі белгілі болғаннан кейін елде жаппай тәртіпсіздіктер мен оппозицияның наразылық акциялары басталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 515.28  course up  583.05  course up  6.14  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro