Луврдың экс-басшысына музей мұраларын сатты деген айып тағылды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Луврдың экс-басшысына музей мұраларын сатты деген айып тағылды ©REUTERS

Лувр мұражайының экс-басшысына музей мұраларын сатты деген айып тағылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Le Monde газетіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Лувр мұражайының экс-басшысына музей мұраларын сатты деген айып тағылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Le Monde газетіне сілтеме жасап.

Француз тергеушілерінің мәліметінше, дүниежүзіндегі ең танымал өнер Лувр мұражайының экс-басшысы Жан-Люк Мартинес мұраларды БАӘ астанасы Абу-Дабидегі мұражай филиалына заңсыз тапсыруға көмектескен. Олардың арасында ежелгі Мысыр перғауны Тутанхамонның мөрі басылған гранит стела бар екені хабарланады.

Мартинес бұл іске еш қатысы жоғын айтып, айыпты жоққа шығарды.

Лувр басшылығы ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ, ал Абу-Дабидегі мұражай өкілдері бұл іске қатысты түсініктеме бере алмайтындарын айтты.

Еске салайық, Жан-Люк Мартинес Луврда 1997 жылдан зейнеткерлікке шыққанға дейін жұмыс істеген. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети