21 мамыр 2018 09:46

Мадуро Венесуэла президенті болып қайта сайланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: © REUTERS Сурет: © REUTERS

Венесуэла президенті Николас Мадуро жексенбіде 5,8 миллион (шамамен 68 пайыз) дауыс жинап, ел басшысы болып қайта сайланды. Бұл туралы Ұлттық сайлау кеңесінің (ҰСК) басшысы Тибисай Лусена мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости

"Сайлаушылардың 46,01 пайызы қатысқандағы бюллетендердің 92,6 пайызын есептегеннен кейін Николас Мадуро 5 823 718 дауыс, Энри Фалькон - 1 820 552 және Хавьер Бертуччи - 925 мың дауыс жинағанын айта аламыз", - дейді Лусена.

Осылайша, Мадуро 2019-2025 жылдары Венесуэланың президенті болады.

Ресми мәліметтер шықпай тұрып, президенттікке үміткер болған оппозиция өкілі Энри Фалькон сайлау нәтижесін мойындамайтынын айтқан болатын. 

"Бұл сайлау процесін мойындамаймыз және заңсыз деп танимыз. Мұны бар жауапкершілігіммен айтамын және ертең елден кетемін", - деп жазыпты Фалькон Twitter желісінде. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети