Маккейн өзінің жерлеу рәсімінде Путинге "хабарлама" қалдырған

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Маккейн өзінің жерлеу рәсімінде Путинге "хабарлама" қалдырған REUTERS/© Brian Snyder

АҚШ сенаторы Джон Маккейн Ресей президенті Владимир Путинге және АҚШ басшысы Дональд Трампқа өз жерлеуінде "хабарлама" қалдырған. Бұл туралы АҚШ-тың БҰҰ-дағы бұрынғы елшісі Саманта Пауэр Twitter әлеуметтік желісінде жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Пауэр Маккейннің өз жерлеуін "егжей-тегжей" мұқият жоспарлағанын атап өтті. Бұрынғы дипломаттың айтуынша, сенатор Украина президенті Петр Порошенконы рәсімге шақырғаны және оны НАТО бас хатшысы Йенс Столтенбергтің жанына отырғызуы кездейсоқ емес. "Владимир Путин мен Дональд Трампқа арналған қоштасу хабарламасы: Америка өз достары мен одақтастарының жанында қалады", - деп жазған ол.

Еске сала кетейік, Маккейн 25 тамызда 81 жасында қайтыс болды. Ол бір жыл бойы ми обырының асқынған формасымен күрескен. 

РИА Новости басылымының хабарлауынша, саясатшы "қаршыға" ретінде беделді болған. Ол Мәскеу тарапына қатаң көзқараста еді, Ресей басшылығын үнемі сынға алатын. Маккейн Ресейді "ел артында жасырынған бензин колонкасы" деп атаған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети