08 ақпан 2022 | 09:17

Макрон Путинмен кездесуден кейін: Алдағы күндер шешуші кезең

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Ресей мен Франция президенттері Владимир Путин мен Эммануэль Макронның келіссөздері бес сағаттан астам уақытқа созылды. Ол аяқталған соң екі ел басшылары бірлескен баспасөз мәслихатын өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Ресей мен Франция президенттері Владимир Путин мен Эммануэль Макронның келіссөздері бес сағаттан астам уақытқа созылды. Ол аяқталған соң екі ел басшылары бірлескен баспасөз мәслихатын өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Эммануэль Макронның айтуынша, қазір Еуропаға бейбіт жол табуға әлі де мүмкіндік бар.

"Қазір бәріміз Еуропадағы бейбіт және тұрақтылық жолын табуымыз керек, қазір бұған мүмкіндік пен уақыт әлі бар", - деді Макрон.

Ресей Федерациясының қауіпсіздікке қатысты ұсыныстарына тоқталған Франция басшысы нәтижеге қолжеткізу оңай болмайтынын айтып, оның нәтиже беретініне сенім білдірді.

"Біз бұл диалогты бәрімен жүргіземіз және нәтижеге жететінімізге сенімдімін", - деді Макрон Владимир Путинмен келіссөздерден кейін.

"Президент Путин екеуміз бірнеше нұсқаны қарастырдық (Ресей Федерациясының қауіпсіздік ұсыныстары бойынша), мен осы нұсқалар бойынша жұмыс істеймін", - деп қосты Макрон.

Алдағы күндер шешуші кезең

Франция президенті Ресей мен Еуропа қауіпсіздік кепілдігі бойынша бірлесіп жұмыс істеу керек деген пікір білдірді.

"Сенімді деэскалация іргелі мәселелер бойынша алға жылжуды талап етеді және біз бұл мәселелерді өте ұзақ талқыладық. Біз қауіпсіздік кепілдігі бойынша жұмыс істеуге, Еуропада тұрақтылықты және қауіпсіздіктің жаңа тәртібін құруға дайын екенімізді көрсетуіміз керек. Бұл егеменді мемлекеттер ретінде бірге салған іргетасқа негізделуі керек", - деді ол Владимир Путинмен келіссөздер қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында.

"Олай болса, алдағы күндер шешуші кезең болады және біз өткізген бұл талқылаулар оған ықпал етеді", - деді ол.

Макрон Франция мен Ресей Федерациясының ортақ ұстанымға ие екенін айтты. Париж серіктестермен келіссөздерді жалғастырады.

"Біз бейбітшілік пен қауіпсіздіктің жаңа кепілдігін дәл құру үшін барлық серіктеспен келіссөздерді жалғастырамыз", - деді Макрон баспасөз мәслихатында.

"Мен президент Зеленскийге де, (Владимир) Путинге де Минск келісімдері Украина дағдарысын шешуде ілгерілеу болатынын айтамын. Бұл туралы президент Зеленскиймен ертең сөйлесемін", - деді Макрон келіссөздерден кейін.

Ресей мен Франция президенттері Владимир Путин мен Эммануэль Макронның келіссөздері туралы толығырақ мына сілтемеден оқи аласыз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети