30 мамыр 2017 09:13

Макрон Путиннің көзінше ресейлік екі БАҚ-ты "жалған насихат органы" деп атады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Reuters © Reuters

Франция президенті Эммануэль Макрон РФ басшысы Владимир Путинмен Версальде бірге өткізген баспасөз мәслихатында Russia Today телеарнасы мен Sputnik ақпарат агенттігін "жалған насихат органы" деп атады. 


Франция президенті Эммануэль Макрон РФ басшысы Владимир Путинмен Версальде бірге өткізген баспасөз мәслихатында Russia Today телеарнасы мен Sputnik ақпарат агенттігін "жалған насихат органы" деп атады. 

RT France (Russia Today француз қызметі) тілшісі Францияда сайлау кампаниясы кезінде Макронның сыйлауалды штабына кіруге "белгілі бір қиындықтар" болғанын айтқан, оған Макрон былай деп жауап берді: 

"Мен журналистермен үлгілі қарым-қатынас жасай аламын, егер олар журналист болса. Саяси қайраткерлердің шындықты айту деген жауапкершілігі бар. Біреу-міреу қауесет таратса, олар онда журналист емес. Russia Today мен Sputnik жалған мәлімет таратып, жала жапты, сондықтан менің сайлауалды кампаниямның кезінде оларға менің штабымда орын жоқ. Ал қалған журналистер, оның ішінде ресейліктер де бар, менің штабыма кіре алды. Ережеміз қарапайым, солай болып қалады".

"Russia Today және Sputnik журналиске лайық әрекет еткен жоқ. Олар әсер ету органы іспетті әрекет етті, насихат пен жалған насихаты органы сияқты болды", - деді француз президенті.

30-шы минуттан бастап көру керек.

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Кремльдің Макронның ресейлік БАҚ туралы пікірімен келіспейтінін мәлімдеді. Sputnik және RT бас редакторы Маргарита Симоньян да француз лидерінің сөзіне қарсы шықты. 

"Макронның логикасы бойынша, барлық мейнстрим БАҚ-тарды Ресейден көшіріп жіберу керек екен. Макронның шуы. Француз президентінің RT мен Sputnik туралы арзан әзілі. Бұл ендігі моветон. Крым бокалын француздың жаңа сайланған президенті RT мен Sputnik туралы жалған сөз айтуын қоюы үшін көтеремін", - деп жазды ол Twitter желісінде.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети