Малайзия ұшағы: жолаушылардың туыстары ірі көлемді сыйақы бермек

ПОДЕЛИТЬСЯ

Малайзия ұшағы: жолаушылардың туыстары ірі  көлемді сыйақы бермек қара жәшікті іздестіру аумағы

 Малайзияның жоғалып кеткен Boeing-777 ұшағы осы уақытқа дейін табылмады. Осыған орай жолаушылардың туыстары ұшақтың жоғалуына қатысты қандайда бір құпия мәлімет бергендерге ірі көлемде сыйақы ұсынуға уәде беруде деп,- хабарлайды USA Today.

ПОДЕЛИТЬСЯ

 Малайзияның жоғалып кеткен Boeing-777 ұшағы осы уақытқа дейін табылмады. Осыған орай жолаушылардың туыстары ұшақтың жоғалуына қатысты қандайда бір құпия мәлімет бергендерге ірі көлемде сыйақы ұсынуға уәде беруде деп,- хабарлайды USA Today.


Басылымның ақпараты бойынша малазиялық ұшақты іздеуге байланысты жолаушылардың туған-туыстары назалы және олар іздеу жұмыстарына қатысты барынша ашықтықты талап етуде.


Жолаушылардың туыстары Малайзия билігінен болған оқиғаға қатысты нақты дәйектер ұсынуды сұрап отыр. Сондай-ақ олар өздерінен билік ұшақтың жоғалуына қатысты қандайда бір құпияны жасырады деп күдіктенуде.


Шындыққа қол жеткізгісі келген жолаушылардың отбасы мүшелеріне АҚШ, Австралия, Жаңа Зеландия, Франция мен Үндістаннан науқанды түрде қаржы жинау басталып та кетті. Қаржы жинау IndieGoGo сайты арқылы жүргізілуде. Акцияға Қытай және Малайзия еліндегі азаматтардың туыстары қатыспай отыр.


Айта кету керек, жолаушылардың туыстары жекелеген нақты ақпарат ұсынған із кесушілерге екі млн доллар беруді уәде етіп отыр.
Еске салайық, Малайзияның ұшағы 8 наурыз күні Куала-Лумпура және Пекин бағытына ұшып бара жатып радардан көрінбей кеткен.  Ұшақ бортында экипаж мүшелерін қосқанда 239 адам болған. Малайзияның үкімет басшысы бұдан бұрын "Boeing-777-200 Үнді мұхитына құлады, жолаушылардың біреуі де аман қалмады"  деген болжам айтқан. Жан-жақты іздестіру жұмыстары жүргізілгенмен осы уақытқа дейін ұшақ табылмады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети