Малайзияда Ким Чен Ынның ағасын белгісіздер улы ине салып өлтірген - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Малайзияда Ким Чен Ынның ағасын белгісіздер улы ине салып өлтірген - БАҚ © Mental Floss

КХДР-ның басшысы Ким Чен Ынның ағасы Ким Чон Нам қайтыс болды, - деп хабарлайды Reuters агенттігі Yonhap басылымына және Оңтүстік Корялық БАҚ-қа сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

КХДР-ның басшысы Ким Чен Ынның ағасы Ким Чон Нам қайтыс болды, - деп хабарлайды Reuters агенттігі Yonhap басылымына және Оңтүстік Корялық БАҚ-қа сілтеме жасап.

Агенттіктің дереккөзі берген мәлімет бойынша, Ким Чон Нам дүйсенбіде таңғы уақытта қайтыс болған. TV Chosun арнасының мәліметінше, Солтүстік Корея басшысының ағасын әуежайда екі әйел улы ине салып өлтірен. Содан кейін таксиге мініп, ізім-ғайып жоқ болған.  

Малайзия полициясы КХДР азаматының Куала-Лумпур әуежайынан ауруханаға барар жолда қайтыс болғанын мәлімдеді. 

Ким Чон Нам - Ким Чен Ирдің үлкен ұлы және қазіргі КХДР басшысы Ким Чен Ынның өгей ағасы. Ким Чон Нам Солтүстік Кореяда тұрмайды. Оның әкесі оны барлық мұрадан айырған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети