Малайзиялық Boeing апаты туралы істе екі жорамал қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Малайзиялық Boeing апаты туралы істе екі жорамал қалды ©Abeldanger.net

Малайзиялық Boeing-777 ұшағы апатын зерттеумен айналысып жатқан нидерланд сарапшылары екі басым нұсқаға тоқтап отыр - "жер-әуе" зымыранының атқылауы немесе басқа ұшақпен атқылауы. Бұл туралы тергеушілер ісіне жетекшілік ететін голланд прокуроры Фред Вестербеке Spiegel Online басылымына берген сұхбатында мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Малайзиялық Boeing-777 ұшағы апатын зерттеумен айналысып жатқан нидерланд сарапшылары екі басым нұсқаға тоқтап отыр - "жер-әуе" зымыранының атқылауы немесе басқа ұшақпен атқылауы. Бұл туралы тергеушілер ісіне жетекшілік ететін голланд прокуроры Фред Вестербеке Spiegel Online басылымына берген сұхбатында мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

Прокурор тергеу барысында мүмкін болған төрт сценарийді зерттегенін айтты: "жазатайым болған оқиға, теракт, "жер-әуе зымыранымен немесе басқа ұшақпен атқылау". Қазіргі уақытта соңғы екі сценарий қарастылылып жатыр, себебі бірінші екеуі тергеу барысында мүмкін емес деп танылды.

"Осы бар ақпараттарды қарастыра отырып, менің көзқарасым бойынша, "жер-әуе" зымыранымен атқылау нұсқасы мүмкіндігінше ақылға қонымды саналады. Бірақ біз басқа нәрсе болуы мүмкін деген нұсқаны назарсыз қалдырмаймыз", - деді Вестербеке.

Прокурордың айтуынша, қаза болғандардың денесінен және олардың жүктерінен металл қалдықтар табылды: "Бұл "Бук" зениттік-зымыран кешені жасап шығарған зымыран шрапнелі болуы мүмкін, бұл ұшақтың өз қалдықтары болуы мүмкін. Біз мұны тексеріп жатырмыз, әзірше қорытындысы жоқ. Мұнымен бірге, апат болған сәтте сол орында болған бірнеше куәгерді таптық".

Жинақталған деректерге негізделе отырып Фред Вестербеке малайзиялық Boeing маңында украин истребителінің табылғаны жайлы дерек жалған екенін мәлімдеді. Бірақ Вестербекенің айтуынша, Ресейдің бұл нұсқаны растайтын қосымша мәліметтері болуы мүмкін. "Оның ішінде, радар мәліметтері, осы арқылы Ресей жақын маңда MH17 украин әскери ұшағының болғанын дәлелдегісі келген", - деді ол.

Вестербекенің айтуынша, әзірше Украина аспанында апатқа ұшыраған ұшақ ісі бойынша тергеуде дәлелдер аз, 298 адамның өмірін қиған апаттың себебі мен оған кімнің жауапты екенін анықтауға мәлімет жеткіліксіз.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети