Фото planespotters.net сайтынан алынды
Malaysian Airlines компаниясының жоғалған ұшағы Қазақстан жағына кетуі мүмкін, - деп хабарлайды Euronews. Бұл туралы Малайзияның премьер-министрі Наджиб Разак ресми түрде мәлімдеді. Премьер-министрдің айтуынша, ұшақты іздестіру жұмыстары екі бағытта - Таиландтан Қазақстан бағытына қарай және Индонезиядан Үнді теңізінің оңтүстік аймақтары бағытына қарай жүргізілуде. 8 наурызда жоғалған Малайзияның Boeing ұшағы экипаждың немесе жолаушылардың әдейі жасалған әркеті бойынша бағытын өзгерткен. БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, Наджиб Разак ұшақты басқа бағытқа мәжбүрлеп айдап әкетті деп дөп басып айтпаған. Бірақ, бұл нұсқа бойынша да іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын жеткізген. "Біз борт ішіндегі мәліметтерді жерге жеткізіп тұратын құралдың өшіп қалғандығы туралы үлкен сеніммен айта аламыз. Мұндай әрекетті тек ұшақ ішіндегілердің әдейі жасаған ісімен байланыстыруға болады", - дейді Разак. Әскери радарлар мен спутниктердің мәліметтері бойынша, 370 бағытындағы ұшақ батысқа қарай бұрылған. Ертеректе мұндай ақпарат шыққан болатын, бірақ Малайзия басшылары осы күнге дейін бұл мәлеметті растаған жоқ. Еске салайық, жоғалған ұшақта 227 жолаушы, 12 экипаж мүшесі болған. Куала-Лумпурдан Бейжіңге шыққан ұшақ 8 наурыз күні диспетчерлер радарынан жоғалып кеткен. Айта кету керек, ұшақ диспетчерлер экранынан Оңтүстік Қытай теңізінің үстінде жоғалған болатын. Ұшақты іздестіру жұмысына 50 әскери кеме және 10-ға жуық мемлекеттің әуе кемелері жұмылдырылды. Бірақ іздестіру жұмыстары әлі нәтиже бермеуде. Еретекте Малайзия басшылары Malaysian Airlines компаниясының жоғалған ұшағын басқа бағытқа мәжбүрлеп айдап әкетті деген шешімге келген болатын.
Malaysian Airlines компаниясының жоғалған ұшағы Қазақстан жағына кетуі мүмкін, - деп хабарлайды Euronews. Бұл туралы Малайзияның премьер-министрі Наджиб Разак ресми түрде мәлімдеді.
Премьер-министрдің айтуынша, ұшақты іздестіру жұмыстары екі бағытта - Таиландтан Қазақстан бағытына қарай және Индонезиядан Үнді теңізінің оңтүстік аймақтары бағытына қарай жүргізілуде.
8 наурызда жоғалған Малайзияның Boeing ұшағы экипаждың немесе жолаушылардың әдейі жасалған әркеті бойынша бағытын өзгерткен. БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, Наджиб Разак ұшақты басқа бағытқа мәжбүрлеп айдап әкетті деп дөп басып айтпаған. Бірақ, бұл нұсқа бойынша да іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын жеткізген. "Біз борт ішіндегі мәліметтерді жерге жеткізіп тұратын құралдың өшіп қалғандығы туралы үлкен сеніммен айта аламыз. Мұндай әрекетті тек ұшақ ішіндегілердің әдейі жасаған ісімен байланыстыруға болады", - дейді Разак. Әскери радарлар мен спутниктердің мәліметтері бойынша, 370 бағытындағы ұшақ батысқа қарай бұрылған. Ертеректе мұндай ақпарат шыққан болатын, бірақ Малайзия басшылары осы күнге дейін бұл мәлеметті растаған жоқ.
Еске салайық, жоғалған ұшақта 227 жолаушы, 12 экипаж мүшесі болған. Куала-Лумпурдан Бейжіңге шыққан ұшақ 8 наурыз күні диспетчерлер радарынан жоғалып кеткен. Айта кету керек, ұшақ диспетчерлер экранынан Оңтүстік Қытай теңізінің үстінде жоғалған болатын. Ұшақты іздестіру жұмысына 50 әскери кеме және 10-ға жуық мемлекеттің әуе кемелері жұмылдырылды. Бірақ іздестіру жұмыстары әлі нәтиже бермеуде. Еретекте Малайзия басшылары Malaysian Airlines компаниясының жоғалған ұшағын басқа бағытқа мәжбүрлеп айдап әкетті деген шешімге келген болатын.