07 желтоқсан 2014 | 11:20

Малайзия сотта Boeing апаты құрбандары туыстарының айыптауларына жауап беруге дайын

ПОДЕЛИТЬСЯ

©РИА Новости ©РИА Новости

Малайзия үкіметі Украинаның шығысында апатқа ұшыраған Malaysian Airlines ұшағы құрбандарының туыстары тағуы мүмкін айыптауларға жауап беруге дайын, - деп хабарлайды РИА Новости. Бұл туралы корольдіктің көлік министрі Лиоу Тионг Лай айтты. 


Иконка комментария блок соц сети

Малайзия үкіметі Украинаның шығысында апатқа ұшыраған Malaysian Airlines ұшағы құрбандарының туыстары тағуы мүмкін айыптауларға жауап беруге дайын, - деп хабарлайды РИА Новости. Бұл туралы корольдіктің көлік министрі Лиоу Тионг Лай айтты. 

Бұған дейін австралиялық Herald Sun порталға сілтеме жасала отырып, Boeing апатында туыстары қайтыс болған сегіз австралиялық отбасының Украинаны, Малайзияны, Ресейді және Malaysian Airlines-ті сотқа бергелі отырғаны хабарланған еді. Олардың адвокаты Джерри Скиннер болған оқиғаға Украина жалғыз өзі жауап беруі тиіс деген пікірмен келіспейтінін айтты. "Малайзия сотта кез келген айыптауға жауап беруге дайын", - деді көлік министрі. 

Амстердамнан Куала-Лумпурға ұшқан Boeing 17 шілдеде Донецк облысында апатқа ұшыраған болатын. Оның бортында 298 адам болды, оның ішінде, 38-і - австралиялық. Киев билігі апатқа халық жасақтарын кінәлады, бірақ олар өздерінде ондай биіктіктегі ұшақты атып түсіретін қаруының жоқ екенін мәлімдеді. Тергеудің алдын ала баяндамасында ұшақтың "сырттан болған жоғары энергетикалық нысандар соққыларынан құрылымдық зақымдануға" ұшырағаны айтылады, бірақ бұл нысандардың атылған орнын анықтау мүмкін болмады. 

 

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети