26 наурыз 2014 | 17:32

Малайзия ұшағын іздестіру қайта басталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото word-it.ru сайтынан Фото word-it.ru сайтынан

Автстралия із-түзсіз жоғалып кеткен Малайзияның жолаушылар ұшағын іздестіру жұмыстарын қайта бастады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Евроньюс агенттігіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Автстралия із-түзсіз жоғалып кеткен Малайзияның жолаушылар ұшағын іздестіру жұмыстарын қайта бастады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Евроньюс агенттігіне сілтеме жасап.

Бұдан бұрын Малайзияның премьер-министрі Наджиб Разак "Malaysia Airlines" әуе компаниясының Boeing 777 жолаушылар ұшағы Үнді мұхитының оңтүстік бөлігінде апатқа ұшырады деп мәлімдеген болатын. Алайда жолаушылардың туған туыстары нақты дәйектерді ұсынуды талап етіп отыр. Олар Малайзияның Бейжің қаласындағы елішілігі алдында митинг өткізіп, ғимаратқа баса көктеп кіруге талпынған. Барлығы ұшақ апатына дәлел беруді сұрайды.

Бүгін Ұнді мұхитының оңтүстік бөлігінде ұшақтар мен кемелер қайтадан бет алды. "Бұған дейін ауа-райы қолайсыздық туғызған болатын", - делінген ресми ақпаратта. Іздестіру операциясына Австралия, Қытай мен АҚШ-тың құтқару қызметтері қатысып отыр. Уақыт аз - "қара жәшіктердің" автономды күш-қуаты екі-ақ аптаға жетеді. 

"Біз ұшақтың жалғыз болса да, бір сынығы табылмағанша, барлық болжамдар тек спекуляция ғана деп санаймыз. Ол жерде мұхиттің тереңдігі 3500 метрге дейін жетеді. Сондықтан ол - аса қиын міндет", - дейді Австралияның қорғаныс министрі Дэвид Джонстон.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети