12 наурыз 2014 | 11:03

Малайзия ұшағын іздеуге Жапония мен Үндістан қосылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото  blog.malaysia-asia.my сайтынан Фото blog.malaysia-asia.my сайтынан

Malaysia Airlines ұшағын іздестіру жұмыстарына Жапония мен Үндістанның мамандары қосылды, деп хабарлайды РИА Новости. Ұшақтың табылмай жатқанына осымен бесінші күн болды. Қазір іздестіру аумағы кеңейтіліп, оған Вьетнам және Андаман теңізі қосылып отыр. Аймақтық бұқаралық ақпарат құралдары хабарлап отырғандай, Вьетнамда енді таулы және орман алқаптарына кеңінен іздестіру жүргізілмек. Жапония өз кезегінде бұл операцияға төрт әскери ұшақты жұмылдырып отыр. Ал Үндістан жер серіктерінің қызметін ұсынып, Малак бұғазын күзетіп жүрген әскери теңіз күштерінің кемелерін жіберді. Себебі Малайзия жоғалған ұшақты іздестіру аумағын Андаман теңізіне дейін кеңейтті. Ол Малак бұғазының солтүстігінде орналасқан. Бұған дейін Малайзияның әуе күштерінің бас қолбасшысы Родзали Дауд Malaysia Airlines ұшағының Малак бұғазына қарай өткені туралы ақпаратты жоққа шығарды. "Бұқаралық ақпарат арқылы тараған бұл мәлімет шындыққа еш жанаспайды. Иә, бұл аймақ ұшақ жоғалып кеткен нүктеден 500 шақырым шалғай орналасқан. Алайда ол радардан жоғалып кеткенге дейін қайтып бұрылып ұшуы әбден мүмкін", - дейді Р.Дауд. Айта кетейік, Malaysia Airlines компаниясының жолаушылар ұшағы наурыздың 8-іне қараған түні Куала-Лумпурдан Бейжіңге ұшып бара жатқан жолда жоғалып кеткен. Ұшақ бортында 227 жолаушы және 12 экипаж мүшесі болған. Екі жолаушы бортқа жалған төлқұжатпен кіріп кеткен деген ақпарат бар.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети