КХДР-ның басшысы Ким Чен Ынның ағасы Ким Чон Нам қайтыс болды, - деп хабарлайды Reuters агенттігі Yonhap басылымына және Оңтүстік Корялық БАҚ-қа сілтеме жасап.
КХДР-ның басшысы Ким Чен Ынның ағасы Ким Чон Нам қайтыс болды, - деп хабарлайды Reuters агенттігі Yonhap басылымына және Оңтүстік Корялық БАҚ-қа сілтеме жасап.
Агенттіктің дереккөзі берген мәлімет бойынша, Ким Чон Нам дүйсенбіде таңғы уақытта қайтыс болған. TV Chosun арнасының мәліметінше, Солтүстік Корея басшысының ағасын әуежайда екі әйел улы ине салып өлтірен. Содан кейін таксиге мініп, ізім-ғайып жоқ болған.
Малайзия полициясы КХДР азаматының Куала-Лумпур әуежайынан ауруханаға барар жолда қайтыс болғанын мәлімдеді.
Ким Чон Нам - Ким Чен Ирдің үлкен ұлы және қазіргі КХДР басшысы Ким Чен Ынның өгей ағасы. Ким Чон Нам Солтүстік Кореяда тұрмайды. Оның әкесі оны барлық мұрадан айырған.