13 қазан 2015 | 18:29

Малайзиялық Boeing ұшағын "Бук" зымыран-зенит кешені атып түсірген - баяндама

ПОДЕЛИТЬСЯ

Малайзиялық Boeing ұшағын Украинаның шығыс аймағында "Бук" зымыран-зенит кешені атып түсірген - баяндама, 9М38 модификациялы зымыран Украинаның шығысынан ұшырылған - мұндай шешімді Нидерландының апаттарды тергеу бюросының өкілдері ұзақ уақытқа созылған тергеуден кейін қабылдап отыр, - деп хабарлайды BBC.  


Иконка комментария блок соц сети

Малайзиялық Boeing ұшағын Украинаның шығыс аймағында "Бук" зымыран-зенит кешені атып түсірген - баяндама, 9М38 модификациялы зымыран Украинаның шығысынан ұшырылған - мұндай шешімді Нидерландының апаттарды тергеу бюросының өкілдері ұзақ уақытқа созылған тергеуден кейін қабылдап отыр, - деп хабарлайды BBC.  

Бюро басшысы Тиббе Йустру зымыранның ұшақтың ұшқыш отыратын алдыңғы бөлігіне жақын маңда жарылғанын айтып берді. "МН17 сол күні ұшқан 160 рейстің бірі еді. Ешкім қатердің болатынын ойламаған. Тергеуде украин әуе кеңістігінің жабық болуы тиіс екендігі айтылады", - деді сарапшы. Зымыран ұшырылған делінетін аймақ - 320 шаршы шақырымды алып жатыр.

Зымыранның жарылысынан кейін ұшқыштардың кабинасының жұлынып кетіп, бірінші болып құлап түскені айтылады. Голланд сарапшылары "әуе-әуе" зымыранының шабуылы болды делінген нұсқаны қарастырмайды. Сонымен қатар, сарапшылар апат орнында зақымдаушы элементтердің және "Бук" параметрлерімен сәйкес келетін бояу қалдықтарының табылғанын айтып берді. 


Ұшақтың құрылымы. © Twitter/@oivshina

Айта кетейік, тергеудің нәтижесін жариялауға бірнеше сағат қалғанда ресейлік "Алмаз-Антей" концернінің өкілдері осы апат жайлы өздерінің нұсқасын айтып беріп еді. Кәсіпорынның бас директоры Ян Новиковтың айтуынша, Boeing ұшағын "Бук" зымыран-зенит кешенінен атса, онда мұның тек 9М38 зымыраны болуы мүмкін екен. 

"Концерн 2005 жылы украин армиясының зымырандарының мерзімін ұзарту және бағалау бойынша келісімшарттың алдын ала жұмысына тартылған болатын. Сол уақытта келісімшарт жасалмады, бірақ бізде куәландырудың актілері қалды. 9М38М1 деген 991 зымыран болды. 38-ші зымыран бойынша, ескілеуі - сол уақытта Украинада 502 данасы болды, қазір қанша екенін біз білмейміз", - деп келтіреді Новиковтың сөзін РИА Новости

Еске сала кетейік, малаизиялық Boeing-777 MH17 рейсімен Амстердамнан Куала-Лумпурға ұшып бара жатып, 2014 жылдың 17 шілдесінде Донецк облысының Грабово елді мекенінің маңында, ресейлік шекарадан 50 шақырым жерде апатқа ұшыраған болатын. Лайнердің барлық 283 жолаушысы мен экипаждың 15 мүшесі қаза болды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.68   522.66   4.79 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети