Малайзияның жоғалған ұшағы теңізге құлауы мүмкін

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Сурет planespotters.net сайтынан алынды Сурет planespotters.net сайтынан алынды

"Malaysia Airlines" әуекомпаниясының жоғалған Boeing 777-200 ұшағы Вьетнам мен Малайзия арасындағы теңізге құлаған болуы мүмкін, - деп хабарлайды РИА Новости вьетнамдық БАҚ-на сілтеме жасап. Өйткені, бұл туралы Вьетнамның өкілдері де ресми мәлімдеме жасап отыр. Аталған ақпаратқа сүйенсек, ұшақ Вьетнамның Тхо-Чу аралынан 300 шақырым қашықтықта, яғни солтүстік батыстағы Камау мүйісінде апатқа ұшыраған. Бірақ, "Malaysia Airlines" әуекомпаниясы бұл ақпаратты растаған жоқ. Вьетнам тарапы осы ақпаратты алғаннан кейін ол аймаққа 5 құтқару кемесін жөнелткен. Бұл туралы: "Тхо-чу аралында кезекші құтқару кемесі жоқ болғандықтан, біз Фукуок аралының құтқарушы кемелерін жібердік" дейді вьетнамдық ресми өкілдер. Бұған дейін Малайзияға қарасты "Malaysia Airlines" әуекомпаниясының ұшағы соңғы рет Оңтүстік Қытай теңізінен байланысқа шыққан екен. Ол кезде әуе кемесі жағалауға 220 шақырым жерде болған. Естеріңізге сала кетейік, Куала-Лумпурдан Пекин бағытына қатынайтын, жолаушылар тасмалдайтын "Malaysia Airlines" әуекомпаниясының Boeing 777-200 ұшағымен байланыс сенбі күні жергілікті уақыт бойынша 02.40-та үзілген (сенбі, Астана уақыты бойынша 00.40). Лайнер қытай астанасына Астана уақыты бойынша 4.30-да қонуы тиіс болатын. Ұшақ бортында 239 азамат болған. Оның 227-сі жолаушы, олардың арасында 2 бала бар. Экипаж мүшелерінің саны - 12. Сондай-ақ, ұшаққа 13 мемлекеттің азаматтары мінген екен. Олардың басым бөлігі - қытай азаматтары.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro